Деректерге қол жеткізу PowerExplorer™
    
Қосылу тәсілдері

Power Explorer™ -  кеңістіктік және кестелік деректерді қараудың және басқарудың заманауи құралдарын ұсынатын, географиялық ақпараттық жүйенің (ГАЖ) деректерін басқару құралы. Ол деректер әкімшілерінің, техникалық мамандардың, деректер операторларының, геофизиктердің, геологтардың және инженерлердің талаптарына сәйкес бапқа келеді. Power Explorer ақпарат жеткізушіге бейтарап деректермен модульдерді интеграциялауға болатын ашық қол жеткізу құрылымы жүзеге асырылған. Оның арқасында деректерді жедел талдауға және шешімдерді барынша тиімдірек қабылдауға  тамаша икемделген орта қамтамасыз етіледі.  

Power Explorer  деректердің бас қоймасындағы деректерді жүйемен интеграциялау құралдарымен, жоба бойынша деректер қорымен және корпоративтік шешімдерімен бірге, сараптамалық топтарға деректердің бар екендігі туралы толық ақпарат береді. Компаниялар қоймадағы өз деректеріне тікелей қол жеткізе алады, ол кезде деректердің қосарлану немесе бүліну тәуекелі азайды. Деректердің сапасын  Power Explorer қосымшасының   Exploration and Production (Барлау және өндіру) мамандандырылған  қарау құралдарының көмегімен жылдам бағалауға болады.  

Power Explorer технологиясы үш қабаттан тұрады: деректер қабаты, қол жеткізу және бизнес-логика қабаты, көрсетулер қабаты. Оған қол жеткізу  Web-орта арқылы қамтамасыз етіледі, демек пайдаланушылар деректерге кез-келген компьютерден сенімді қол жеткізе (өздерінің қол жеткізу деңгейлеріне сәйкес) алады. Онда кеңістіктік деректерді көрсетуге және талдауға арналған ең жаңа  ESRI  Интернет-технологиясы жүзеге асырылған. 

Power Explorer келесі бірегей құралдарды ұсынады:

  • Landmark деректер қоймасына және GeoFrame  жобаларына қол жеткізу;
  • ZGF файлдардың зияткерлік импорты және экспорты;
  • ГАЖ ESRI біріктерілген картасы; 
  • PetroBank негізгі деректердің, Open Works сақтаудағы жобалар мен деректердің және Geo Frame деректері мен корпоративтік деректердің интгерацияланған кескіндері; 
  • Ашық жүйе: басқа қосымшалардан қол жеткізу JDBC интерфейсінен  (API қосымшалардың бағдарламалық интерфейсіне ұқсас) жүзеге асырылады.


Жүйенің артықшылықтары 

Деректерге іздеуге жұмсалатын уақыттың қысқаруы

Power Explorer қосымшасы пайдаланушыларға ұйым бойынша әр жерде орналастырылған,  PetroBank әртүрлі нысандарында немесе  Интернетте сақтаулы кен орындарын барлау және өндіру  (E&P) бойынша деректердің орналасқан жерін жылдам анықтауға мүмкіндік беретін жалпы сыртқы интерфейс болып табылады. Тышқан түймешігін бірнеше рет бассаңыз ол деректерді алуға немесе оларды интерпретациялық қосымшаларға импорттауға тапсырыс беріледі.

Жұмыс үдерістерін қысқарту

Power Explorer қосымшасының негізгі  Seis Works, Open Works, Magic Earth және Geo Frame интерпретациялық қосымшаларымен өзара әрекеттесуінің қуатты құралдары деректердің бас қоймасы мен жобалар бойынша деректер қорлары арасында деректермен мүдіріссіз алмасуды қамтамасыз етеді.

Шешім қабылдаудың тиімдірек үдерісі

Power Explorer қосымшасы деректерге, талдау және ол деректер бойынша есеп берулерді құрастыру құралдарына қол жеткізуді қарапайымдандырудың есебінен шешімдер қабылдау үдерісінің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Деректерді тиімдірек басқару

Power Explorer тапсырыстарды  дайындаудың жетілдірілген құралдары кен орындарын барлау және өндіру саласы деректерінің әкімшілеріне деректердің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Деректерді қараудың мамандандырылған құралдары олардың сапасын жылдам және тиімді бағалауға мүмкіндік береді.

Деректердің қол жетімділігі

Power Explorer негізгі және кеңейтілетін құрылысы E&P бойынша деректердің әртүрлі қоймаларын біріктіруді қамтамасыз етеді. Оның нәтижесінде пайдаланушылар деректердің бар екендігі туралы жақсы хабардар болады, қандай да бір деректерді байқамай қалу ықтималдығы азаяды. 

Барлық пайдаланушылар Интернет арқылы деректердің  бірдей кешенін көре алады.

Power Explorer жүйесінің мүмкіндіктері

Деректерді басқарудың кеңейтілетін және масштабталатын құралдары

Power Explorer қосымшасының өз негізінде  нысандық бағытталған кеңейтілетін құрылымы болғандықтан, деректердің әртүрлі қоймаларына оңай қол жеткізуге болатын,  E&P саласында масштабталатын технологияларды ұсынады. Сондай-ақ, PetroBank  бас қоймасына, Open Works,  Geo Frame жобалар бойынша деректер қорына және Landmark корпоративтік қоймасына сыртқы линктер жүзеге асырылған.

Open Works  байланыс

Open Works бірнеше жобасын бір ортада көрсету құралы ұсынылады. Әртүрлі жобалардан алынған  деректерді бір картаға шығаруға болады. Бағдарлама кез-келген деңгейдегі пайдаланушылар үшін қол жетімді интерфейстің көмегімен кеңейтілген тапсырыстар жасауға мүмкіндік береді. Деректердің келесі тұрпаттарына қол жеткізу ұсынылады: жобалар, ұңғылар бойынша ақпарат, ГАЖ диаграммалары мен қисықтары, ұңғыларды тексеру нәтижелері,  инклинометрия, ұңғылардың қабаттар және маркерлер бойынша траекториялары, керндік деректер және т.б.. Торларды, жарылымдарды, нүктелер жиынтықтарын,   2D және 3D навигациялық сейсмикалық деректерді көрсетуге арналған  Geo Maps құралы ұсынылады.

Деректердің бас қоймасымен байланыс

Деректердің бас қоймасында сақталатын әртүрлі деректерге қол жеткізу ұсынылады. Кен орындарын барлау және өндіру бойынша деректердің барлық түрлерін қарауға арналған мамандандырылған құралдар бар. Бағдарлама деректерді клиптеу және сирету сияқты сейсмикалық деректер бойынша тапсырыстарды құрастырудың жетілдірілген құралдарын да ұсынады.

Деректердің келесі тұрпаттарына қол жеткізу ұсынылады: экономикалық-географиялық деректер, ұңғылық, сейсмикалық деректер, өндіру деректері және мұрағатталған нысандар.

Seis Works  сейсмикалық трассаларды көрсету

Seis Works кез-келген жобасынан нақты сейсмикалық трассаларды ГАЖ карталарына шығаруға мүмкіндік береді.

Деректердің корпоративтік қоймаларымен (CDS) байланыс

CDS Connect модулі корпоративтік деректер қоймаларына қойылатын кен орындарын барлау және өндіру бойынша деректерді құрастыру, алып тастау  және қарау талаптарының барлығына сәйкес келеді. CDS кеңістіктік деректері Arc SDE (ESRI) базасында сақталады және оларды басқа деректер базаларынан алынған кеңістіктік деректермен бір картаға оңай шығаруға болады. CDS Connect модулі  Reference Data Management (Анықтамалық деректерді басқару) және Advanced Data Transfer (Деректерді берудің жетілдірілген құралы) құралдарын ұсынады және Power Explorer сыртқы интерфейсінен іске қосылады.

Geo Frame Connect  модулі

Geo Frame сақталып тұрған жобалар, ұңғылар және навигациялық сейсмикалық деректер бойынша ақпараттарды алу үшін тапсырыстар жасаудың жетілдірілген құралын ұсынады. Geo Frame алынған кеңістіктік деректерді Landmark қорынан және басқа қоймалардан алынған деректермен бірге бір картаға  шығаруға болады.

Интернетпен байланыс

Power Explorer –  Web-браузердің көмегімен пайдалануға және іске қосуға болатын,  Java тіліндегі қосымша. Open Explorer пайдаланушылары бағдарламаны бір компьютерге орнатқан кезде, оған корпорациядағы кез-келген компьютерден қол жеткізуге болатынын бағалай алады.

Ашық жүйе

PowerHub Connectivity қосымшасының бағдарламалық  интерфейсі сыртқы қосымшалардың  деректердің кез-келген қосылған қоймаларына қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Connect модульдерінің ішінде ол байланыс құралдары қауіпсіздік нормаларына, іскерлік регламентке және  бизнес-логикаға сәйкес келеді. Ол  JDBC  тұрпатты стандартты бағдарламалық интерфейстермен және SOAP үйлесімді Web-сервистермен үйлесімді.

Дайындаушының жиынтығына (Development Kit) қосымшалар,  сондай-ақ құжатпен расталған ұңғылық деректер жиынтығы, үлгілік код және тілдің синопсисі кіреді.  

Бір сәтте жауап берілетін тапсырыстарды құрастырудың жетілдірілген құралдары

Бағдарлама деректер бойынша қарапайым және қуатты навигация құралдарын ұсынады. Бір сәтте жауап берілетін тапсырыстар пайдаланушыларға деректерден барынша көп ақпарат алуға қажетті икемділікті қамтамасыз ете отырып, серпінді қағида бойынша құрылған. Пайдаланушы корпорацияның немесе корпорациядағы жекелеген топтардың талаптарына сәйкес бапқа келтірудің жоғарырақ деңгейін ұсына отырып, метадеректерді пайдаланып кеңейтілген тапсырыстарды оңай құрастыра алады. Соның нәтижесінде әкімшілер түпкілікті пайдаланушылар үшін кеңейтілген тапсырыстар құрастыра алады.

E&P саласында кеңістіктік деректерді ұсыну

Power Explorer   ГАЖ бойынша кеңістіктік деректерді олар қандай деректер қорында сақталуда екендігіне қарамастан бір экранда көрсетуге мүмкіндік беретін  Map Objects Java және  Arc IMS соңғы  ESRI-технологияларды пайдаланып құрастырлыған ГАЖ карталарына тура келеді. Түпкілікті пайдаланушыларға  бастапқы құрал-саймандар, түймешіктер, ESRI диалогтық терезелері ұсынылады. Қызметтік құралдар ретінде кеңістіктік талдау,  E&P  базалық карталарын құрастыру құрал-саймандары және импорт пен экспорт құралдары ұсынылады. Area Of Interest Wizard (қызықтыратын облыс) жетілдірілген «шебері» пайдаланушыларға  қызықтыратын географиялық облыстарды құрастыруға және оларды басқаруға мүмкіндік береді.  Пайдаланушылар басқа көздерден алынған  шейпфайлдар, Arc IMS карталары, Arc SDE және  Oracle Spatial Layer ақпараттық қабаттары сияқты деректерді өз кескіндеріне шығара алады.

zgf файлдары  импортының және экспортының қуатты құралдары 

Power Explorer қосымшасы бастапқы түстері мен символдарын көрсетіп, zgf  файлдарды  тікелей ГАЖ карталарына шығарады. Пайдаланушы импорт үшін   zgf  файлынан бір немесе бірнеше суретті таңдап ала алады.

Кеңістіктік элементтерді (мысалы, лицензиялық учаскелер, құбырлар, ұңғылар және т.б.) кескіндегі координаттық жүйеде   zgf  файлдарына экспорттауға болады. 

Базалық  карталарды құрастыру

Map View модулі Power Explorer қосымшада сапасы орташа базалық карталарды құрастыруға мүмкіндік береді. Онда басып шығарудың келесі форматтары қолдау табады: cgm, dxf  және  dgn.

Spatializer модулі

Spatializer модулі кез-келген қоймадағы кеңістіктік деректерді шейп-файлдарға немесе SDE ақпараттық қабатына түрлендіруге мүмкіндік береді. Spatializer деректердің көптеген қоймалар бойынша қозғалуын және интеграцияланған қабаттан кеңістіктік деректерді алуды қамтамасыз етуге арналған. Бұл  құрал  

Деректердің жағдайы туралы профилактикалық ақпарат беру 

Power Explorer сақталудағы деректердің  ағымдағы жағдайы туралы ақпарат беру құралы бар. Пайдаланушылар немесе пайдаланушылар топтары енгізуге тапсырыс берілген деректермен жүріп жатқан үдерістер туралы автоматты электрондық хабарлама алуға жазыла алады. Қазіргі кезде ол деректердің бас қоймасына (Master Data Store) қатысты жүзеге асырылған және оның құрылымын басқа деректер қорларын қосу арқылы кеңейтуге болады. 

Деректер сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін E&P деректерді қарау құралдары 

Power Explorer қосымшасы ақпаратты қараудың алты бағдарламасын ұсынады: Table View, GIS View, Chart View, Well Log View, Seismic View және Document View. Пайдаланушы кез-келген тұрпаттағы E&P деректерді тиісті бағдарламада қарай және ол деректердің сапасын бақылай алады. 

Бағдарламалық жасақтамаға қойылатын талаптар:

Oracle 8.1.7
JDK 1.4.1._02
Java Web Start 1.2


Аппараттық құралдарғы қойылатын талаптар: 

Клиент – PC, linux, Sun Solaris
Сервер – Linux, Sun Solaris 

Операциялық жүйелер:

Клиент – WindowsXP,  Linux RH 7.2  немесе  Solaris 2.8
Сервер – Solaris 2.8,  Linux RH 7.2

біздің мекен жайымыз:
 
 
Казахстан, 050000, г. Алматы
Райымбека 348, 2 этаж
тел.: +7 727 244 78 81
факс: +7 727 244 78 81
Компания туралы   |  Қызметтер  |  Технологиялар  |  Байланыс  |  Кері байланыс
Copyright © 2007 “Petrodata”. All Rights Reserved.