Технологиялар Сәулет және қондырғылар
    
Сәулет және қондырғылар
Petrobank MDS сақтау жүйесі
Деректерге қол жеткізу
Қауіпсіздік

Қондырғылар Астана қаласындағы операциялық орталықта орналастырылған.  PETROBANK MDS™  сервері ретінде IBM eServer p5 550 пайдаланылады. IBM System p5 550 Express сервері серверлердің заманауи буыны болып табылады. Сервер екі  64-разрядты IBM POWER5+ негізінде, жүйенің ресурстарын және қосымшалардың өнімділігін барынша тиімдірек пайдалану үшін көп ағындылықты бір мезгілде қолдаумен құрылған, жоғары дайындылық пен сенімділікті қамтамасыз ете отырып, маңызды қосымшаларға  қолдау көрсетеді. 

Деректерді сақтау жүйелері ретінде Tivoli Storage Manager басқаруындағы,  сыйымдылығы 140 Тб 3494 Tape Library роботталған кітапханасы және IBM Total Storage™ DS4300 Storage Server деректерді сақтау сервері пайдаланылады.  IBM Total Storage® 3494 Tape Library  – өз бойында IBM сақтау құрылғыларын басқарудың және автоматтандырудың ең жақсы технологияларын біріктіретін, масштабталу дәрежесі жоғары,  автоматтандырылған ленталы кітапхана. IBM 3494 кітапханасы деректерді резервтік көшіру, мұрағаттық сақтау және апатты қалпына келтіру проблемаларын қарапайым және тиімді шешуге мүмкінідк береді. 

IBM Total Storage DS4300 Storage Server деректер қоймасын жұмылдыруға және кластерлеуге пайдалануға болатын, сенімді, масштабталатын сақтау сервері болып табылады. Қойманың сыйымдылығы 10 ТБ. Біздің қоймада өнімділігі жоғары Fibre Channel дисктер пайдаланылады.

Деректерді сақтау серверлері сенімді, жылдам, өнімділігі жоғары SAN-инфрақұрылымға біріктірілген. ҰДБ ішкі желісі  CISCO 2970G коммутаторларын пайдаланып құрылған. Checkpoint Firewall/VPN бағдарламалық жасақтамасының негізінде қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру үшін өнімділік және дайындық көрсеткіштері жоғары IBM xSeries 346 серверлері пайдаланылады. x346 сервері Intel Xeon процессорларының технологияларына қолдау көресетеді. Жоғары орнықтылықты қамтамасыз ету үшін серверлер кластерлерге біріктірілген.

Клиенттердің Ұлттық деректер банкінің ақпараттарына қол жеткізуін ұйымдастыру үшін IBM e-Server Blade Center     платформасы пайдаланылады. IBM e-Server Blade Center платформасы шассиге бірікітірілетін HS 20  Blade серверден тұрады. Бұл жоғары инфрақұрылымды қарапайымдандырады, басқаруды жақсартады және деректер қоры мен жоғары өнімділікті және масштабталуды қажет ететін қосымшаларға  қызмет көрсету үшін тамаша шешім болып табылады.

Intel Xeon процессорларының базасындағы үш Windows сервер Exchange, Share Poin portal, Cytrix server және басқа да жәрдемші жүйелерді ұйымдастыруға арналған.  

Ақпарат тасымалдаушылармен жұмыс істеу үшін келесі шалғай қондырғылар пайдаланылады:

- Fujitsu 3490 E;

- Exabyte Eliant 820 8 mm;

- IBM 3590E;

- Mammoth M2;

- Quantum Super DLT 160/320.

 

біздің мекен жайымыз:
 
 
Казахстан, 050000, г. Алматы
Райымбека 348, 2 этаж
тел.: +7 727 244 78 81
факс: +7 727 244 78 81
Компания туралы   |  Қызметтер  |  Технологиялар  |  Байланыс  |  Кері байланыс
Copyright © 2007 “Petrodata”. All Rights Reserved.