Технологиялар Petrobank MDS сақтау жүйесі
    
Сәулет және қондырғылар
Petrobank MDS сақтау жүйесі
Деректерге қол жеткізу
Қауіпсіздік

Ұлттық деректер базасы Landmark  компаниясының деректерді және қосымшаларды интегралдық басқару технологиясының негізінде құрылған. Ол деректерге қол жеткізу тұжырымдамалары әртүрлі, оның ішінде кестелер және Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) негізіндегі деректерді сақтау үшін көптеген  пайдаланушыларға  қауіпсіз шешімді  жүзеге асырады.

PETROBANK MDS™ – геологялық-геофизикалық деректердің барлық спектрін сақтауға және басқаруға арналған шешім.

PetroBank MDS™ Oracle/TSM негізіндегі сандық каталог және деректердің электрондық қоймасы болып табылады. Ол деректер және метадеректер шоғырларын сақтаудың ұтымды тәсілін ұсынатын, деректерді басқарудың тиімділігі жоғары технологиясы.  

PETROBANK MDS™  барлау және өндіру (E&P) туралы стандартталған ақпаратқа қарапайым және қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді. PetroBank MDS™   көптеген  пайданушылары бар  деректердің орталық қоймасының көмегімен жалпы немесе меншікті ақпаратты жылдам табуға және алуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздіктің кеңейтілген құралдары қол жеткізудің дәл құқықтарын қамтамасыз етеді.

PetroBank MDS негізі ретінде бастапқыда  Норвегияның  DISKOS консорциумының мұқтажы үшін дайындалған тұжырымдама алынған. DISKOS тобы бастапқыда Норвегияның үш мұнай компаниясынан (Statoil, Norsk Hydro и Saga Petroleum), Mobil компаниясынан және Norwegian Petroleum Directorate (NPD) ұйымынан құралды. NPD Норвегияның мұнай барлау және өндіру саласындағы мемлекеттік билік жүргізуші органы болып табылады. DISKOS тобының мақсаты  Норвегиядағы  мұнай барлау және өндіру (E&P) деректерін басқару құнын едәуір азайту, сонымен бірге негізгі геологиялық-геофизикалық  деректердің ұлттық мұрағатын көптеген пайдаланушылар үшін бір мезгілде қол жетімді қоймаға орналастыру арқылы ол деректерге қол жеткізуді жақсарту болып табылады.  PetroData компаниясы басқаратын PetroBank ол қойманың негізін қамтамасыз етеді.

PetroBank MDS  мұнай барлау және өндіру (E&P) мамандары жалпы және меншікті деректерін орналастыра, сондай-ақ оларға қол жеткізе және өзгерте алатын ортаны ұсынады. Жүйенің көптеген пайдаланушыларға арналған ядросы мұрағаттық деректерді орталық мұрағатта сақтау үшін сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді. Қорғаныс дәрежелерінің көптігі банктің басқа клиенттерінің меншігіндегі ақапаратты рұқсатсыз алудан қорғауға кепілдік береді.

Деректер нысандарына әрбір нысанның атрибуттары анықталған               мета-дерек индекстері (деректердің индекстік қоры) арқылы қол жеткізуге болады. Атрибуттарға ақпараттық атрибуттар, меншік және пайдалану құқықтары да, сақтау жүйесінде орналастыру параметрлері сияқты техникалық атрибуттар да кіреді. PetroBank MDS деректерінің тұтастығы деректерді мұрағатқа енгізу сапасына кепілдік беретін қатаң рәсімдерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

PetroBank MDS кез-келген форматтағы мұрағаттық деректермен жұмыс істейді. Банктен алынған деректер желі арқылы клиенттердің жұмыс стансаларына берілуі немесе клиентке жөнелту үшін ақпарат тасымалдағышқа көшірілуі мүмкін. Деректерді әртүрлі E&P қосымшаларға енгізуге де болады.  

Деректердің индекстік қоры Oracle  Деректер банкін басқару серверінің көмегімен жүзеге асырылған. Деректердің индекстік қорында POSC Epicentre деректер моделі жүзеге асырылған. PetroBank MDS   Epicentre  2.0 нұсқасының мұрағаттық деректердің барлық диапазонын көрсетуге қажетті көптеген модельдерді қамтитын бөлігін пайдаланады. Деректер  моделі Oracle  Relational  Database  Management  System жүзеге асырылған.  

PetroBank қосымша өзара байланыстарды қолдау үшін Epicentre кеңейтеді. Кеңйтудің негізгі саласы деректердің жекелеген нысандарына қол жеткізуді және оларды пайдалану құқықтарын бақылау болып табылады. Ол өзгертулер POSC кеңейту және құрылымдық бөлу ережелеріне сәйкес келеді және  POSC мақұлданған болатын.  Epicentre енгізу үшін PetroBank жүзеге асыратын Epicentre кеңейтулер туралы  POSC үнемі баяндалып отырады.  

Деректердің жалпы қоймасы (Bulk Data Store) әртүрлі технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылған. Сомаланған далалық сейсмикалық және сомалау алдындағы сейсмикалық тарссалар мамандандырылған модельдердің көмегімен басқарылады, каротаждық қисықтарды сақтау Recall пакетімен басқарылады.  

PETROBANK MDS™  деректердің келесі тұрпаттарының сақталуын қолайды: 

  • Далалық және сомалау алдындағы сейсмикалық деректер (2D & 3D, жердегі, теңіздегі)
  • Сомаланған сейсмикалық деректер (2D & 3D, жердегі, теңіздегі)
  • Сейсмикалық суретке түсіру және геометрия деректері (яғни, навигация)
  • Сейсмикалық жылдамдықтар
  • Тіркеу деректері және өңдеу  параметрлері
  • Ұңғы тақырыбының деректері
  • Каротаждық қисықтар
  •  Инфрақұрылым деректері (шекаралар, құбырлар, кен орындарының контурлары және т.б.)
  • Лицензиялардың деректері (тарихи ақпаратты қоса)
  • Жұмыс стансаларында қалыптасқан файлдар
  • Электрондық түрдегі кез-келген деректер, мысалы сканерленген есеп берулерді, керннің көріністерін, карталарды және т.б. ұсына алатын Word, PDF, BMP, TiFF және басқа форматтардағы файлдар  
біздің мекен жайымыз:
 
 
Казахстан, 050000, г. Алматы
Райымбека 348, 2 этаж
тел.: +7 727 244 78 81
факс: +7 727 244 78 81
Компания туралы   |  Қызметтер  |  Технологиялар  |  Байланыс  |  Кері байланыс
Copyright © 2007 “Petrodata”. All Rights Reserved.