Технологиялық Деректерді сақтау
    
Деректерді сақтау
Көшіру
Сапаны бақылау
Стандарттарға келтіру

Геологиялық-геофизикалық деректерді сақтау «Петродата Қазақстан» АҚ  көрсететін негізгі қызмет. Біз сақтаудың екі түрін ұсынамыз – деректерді электронды түрде банкке енгізу және магнитті ақпарат тасымалдағыштарды сақтау.

Егер деректер қорға енгізілген болса, Сіз каталогты  ИНТЕРНЕТ желісі арқылы қарау, тапсырыстарды қалыптастыру және деректерді Сіздің кеңсеге жөнелту  мүмкіндігіне ие боласыз.

«Петродата Қазақстан» АҚ магнитті ақпарат тасымалдағыштарды сақтау қызметін ұсынады. Біз магнитті ленталары бар 15 000 картриджді  сапалы сақтауға мүмкіндік беретін заманауи қойма салдық. Ондағы сақтау жағдайлары салалық нормаларға сәйкес келеді. Қойма температураны және ылғалдықты бір қалыпты ұстап тұру, өрт сөндіру және бейнебақылау жүйелерімен  жабдықталған. Компанияларға сақтауда тұрған өздерінің ақпарат тасымалдағыштары  каталогына  WEB  арқылы қол жеткізу ұсынылады.  

Сақтау жағдайлары: 

  • Температура 20+- 2
  • Ылғалдылық 50% +- 5%
  • Өртті газбен сөндіру
  • Бейнебақылау
  • Ақпарат тасымалдағыштарды жыл сайын қайта орау
  • Ақпарат тасымалдағыштардың дербес  каталогына  WEB арқылы қол жеткізу
біздің мекен жайымыз:
 
 
Казахстан, 050000, г. Алматы
Райымбека 348, 2 этаж
тел.: +7 727 244 78 81
факс: +7 727 244 78 81
Компания туралы   |  Қызметтер  |  Технологиялар  |  Байланыс  |  Кері байланыс
Copyright © 2007 “Petrodata”. All Rights Reserved.