Деректерге қол жеткізу WEB портал
    
PowerExplorer™
WEB портал

Пайдаланушылардың WEB  порталы пайдаланушы деректерінің каталогтарын қарауға және пайдаланушы мен банк операторының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға  арналған.

Порталда деректерді енгізуге немесе алуға тапсырыс берудің автоматтандырылған жүйесі, HELP DESK, білімдер базасы жұмыс істейді.  Білімдер базасы жиі қойлатын сұрақтар және олар бойынша ақпаратты жинақтауға арналған.

WEB портал  енгізілген деректер және бізге арнайы қоймада сақтауға берілген ақпарат тасымалдағыштар каталогтарын қарау мүмкіндігін ұсынады. Ақпарат тасымалдағыштар каталогына WEB қол жеткізу Сізге қоймадағы ақпарат тасымалдағыштар тізілімін және олардың мазмұнын қарауға мүмкіндік береді. Деректер кесте түрінде ұсынылады, бұл көп жағдайларда іздеу және жазып алуға дайындау үшін жеткілікті.

HELP DESK тапсырыстар немесе сауалдар берген кезде әрбір хабарға бірегей сәйкестендіру нөмірі беріледі. Пайдаланушы оның тапсырысы орындалуға қабылданғаны және оны «Петродата Қазақстан» АҚ-ның қай қызметкері өңдеп жатқаны туралы e-mail хабар алады. Тапсырыстың орындалу барысында сайтқа оның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат шығып тұрады.

 
 

біздің мекен жайымыз:
 
 
Казахстан, 050000, г. Алматы
Райымбека 348, 2 этаж
тел.: +7 727 244 78 81
факс: +7 727 244 78 81
Компания туралы   |  Қызметтер  |  Технологиялар  |  Байланыс  |  Кері байланыс
Copyright © 2007 “Petrodata”. All Rights Reserved.